Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы B дивизионындағы әлем чемпионатына дайындығын Алматы қаласында өткізеді. Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті.
Отандастарымыз Алматыда ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Олимпиадалық даярлау орталығы базасында оқу-жаттығу жиынын жүргізеді.
Жиынға барлық үміткер шақырылды. Олардың ішінде әйелдер мен жасөспірімдер құрамаларының ойыншылары бар.
Қақпашылар: Вероника Агеева, София Агеева, Полина Говтва, Мария Яковлева (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Арина Щеколова («Томирис», Астана);
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы - «Томирис», Астана), Зере Жұмаш, Эвелина Емцева, (екеуі - «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Ева Иншакова, Катрин Мескини, Кира Крухольская, Ульяна Куклина, Айдана Рахатқызы, Полина Яковлева (барлығы – «Торпедо»), Калима Нигматулина («Грация», Қарағанды);
Шабуылшылар: Алина Жакулина, Рената Лившиц (екеуі – «Грация», Қарағанды), София Зубкова, Варвара Краюшникова, Полина Мокина, Злата Попова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Регина Какаулина, София Муравьева, Анфиса Новикова, Мадианна Нүсіпова, Василиса Шуклина (барлығы - «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Анастасия Филимонова, Александра Шегай (барлығы - «Томирис», Астана), Лариса Свиридова («Айсұлу», Алматы);
Оқу-жаттығу жиыны 22 наурызда басталады. Құрама 2 сәуірде Испанияға аттанып, дайындықты одан әрі жалғастырады.
Әлем чемпионаты 12-18 сәуір аралығында өтеді. Олардың қарсыластары - Латвия, Нидерланд, Корея, Ұлыбритания және Испания құрамалары.
Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды.