Хорватия 2026 жылдан бастап өз әуе кеңістігін дербес бақылауға алады
АСТАНА. KAZINFORM — Хорватия 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдің әуе күштерімен қызмет ететін француздық Rafale жойғыш ұшақтарын пайдаланып, өз әуе кеңістігін бақылауға алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Report агенттігі жазды.
Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін қадағалау мен қорғауды НАТО-ның әуе және зымыран қорғанысының біріктірілген жүйесі аясында жүзеге асырылатынын атап өтті.
— 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Хорватия Республикасы Rafale көпмақсатты жауынгерлік ұшағын пайдалана отырып, өзінің әуе кеңістігін бақылау мен қорғауды өз мойнына алады, — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, тамыз айында Иран Израильмен уақытша бітім жасасқаннан кейін әуе кеңістігін толық ашқан болатын.
Желтоқсан айының басында Венесуэла өзінің әуе кеңістігінде егемендігін жариялады. Елдің Сыртқы істер министрі Иван Гил Пинто ешбір күш Венесуэла халқы мен үкіметін егемендіктен айыра алмайтынын, бұл халықаралық құқықпен кепілдендірілгенін айтты.