15:47, 27 Мамыр 2015 | GMT +5
Хорватия әскери-өнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықта зор әлеуетке ие
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватия әскери-өнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықта зор әлеуетке ие. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Хорватия бизнес форумы аясында «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев айтты.

«Хорватияның туризмнен бөлек әскери-өнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықта біршама әлеуетке ие. Әсіресе, қару-жарақ саласында Хорватия Еруопалық одақ елдеріне танымал. Сондықтан, бұл да машина жасау саласындағы ынтымақтастығымыз үшін қызықты», - деді ол.
Оның атап өтуінше, Қазақстан тарабы болса Хорватияға ауыл шаруашылығы шикізаты мен оның өңделген өнімдерін жеткізе алады.
«Біздер үшін Хорватияның туристік қызметті жүзеге асырудағы тәжірибесі де қызықты. Өйткені, Хорватия туристер үшін танымал орталықтардың бірі болып отыр», - деді Р.Ошақбаев.