Хорватияда қардың еруіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Қазір президенттік сайлаудың екінші туры өтіп жатқан Хорватияда төтенше жағдай жарияланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Республика қардың күрт еруіне байланысты су тасқынына тап болды. Арнасынан шыққан өзендер адамдарға және олардың мүліктеріне қатер төндіруде. Кейбір аудандарда үкімет халықты көшіруге даярлауда. Табиғат апатына қарамастан дауыс беру ойдағыдай өтуде. Президенттік тақ үшін оппозициялық Социал-демократиялық партияның өкілі Иво Йосипович және тәуелсіз үміткер - Загребтің мэрі Милан Бандич күресуде.

Соңғы жаңалықтар