16:01, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Хорватияда президенттік сайлаудың екінші туры басталды
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Жексенбі күні, қаңтардың 10-ында Хорватияда президенттік сайлаудың екінші туры басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат АFР сайтына сілтеме жасап.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де ашылды, дауыс беру сағат 19:00-ге дейін жалғасады.
2009 жылғы желтоқсанның 27-сінде өткен сайлаудың бірінші турының қорытындылары бойынша басым дауысты (32,4 пайыз) Иво Йосипович - оппозициялық Социал-демократиялық партияның төрағасы алды. Екінші орынды Загребтің мэрі Милан Бандич иеленді. Оған сайлаушылардың 14,8 пайызы дауыс берген болатын.