Хорватиядағы әлем кубогына Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Хорватияның Осиек қаласында өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысушылар тізімін жариялады. 

әлем кубогы
Фото: ҰОК

Ресми мәліметке сәйкес, бұл халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының намысын 4 гимнаст қорғайды. 

Құрама сапына Милад Карими, Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов және Ілияс Әзізов енді. 

Айта кетейік, Хорватиядағы әлем кубогы кезеңі 9-12 сәуір аралығында өтеді. 

Ал осыған дейін Мысырдың Каир қаласында өткен кезеңде Қазақстан құрамасы 3 медаль жеңіп алды. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдеге ие болса, Нариман Курбанов 3-орынға тұрақтады. Ал Асан Салимов қол тіреп секіруден 2-орын алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын көркем гимнастикадан «Aphrodite Cup» турнирінде елордалық спортшылар Афинада топ жарғанын жазған едік.