Хорватиядағы президенттік сайлауда оппозиция өкілі жеңіске жетті

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Сөйтіп, сайлаушылардың 60,29 пайызының дауысын алған Социал-демократиялық партия өкілі Иво Йосипович айқын жеңіске жетіп отыр. Оның қарсыласы Милан Бандич 39,71 пайыз дауыс алды. Президенттік сайлаудың екінші турына атсалысқан электораттың саны 50,28 пайызды құрады.
Еxit-polls мәліметтерінің ресми деректерден айырмасы аз екендігін айта кету керек. Сайлау учаскелерінен шығаберістерге жүргізілген сауалнамалардың қорытындысына сәйкес И.Йосипович сайлаушылардың 64,6 пайызының дауысын алса, ал Загребтің бұрынғы мэрі Милан Бандич 35,4 пайыз дауыс алған.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші турдың қорытындысы бойынша да 32,4 пайыз дауыспен И.Йосипович көш бастап, ал М.Бандичке сайлаушылардың 14,8 пайызы дауыс берген еді.