Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Хромтауда есірткі сақтаудың екі фактісі анықталды

АҚТӨБЕ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Жедел шараларды өткізу барысында Хромтау қаласында облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тарапынан есірткі заттарын сақтаудың екі фактісі анықталды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Хромтауда есірткі сақтаудың екі фактісі анықталды

Мәселен, 26 қаңтарда шамамен 16 сағат 20 минутта Момышұлы көшесінің №15 үйі жанында 1,26 грамм героин есірткісін сатты деген күдікпен 35 жасатағы жергілікті тұрғын құрықталды. Жеке тінту кезінде оның тонының қалтасынан ішкі қапталдарында ақ түстес ұнтақтың іздері бар резеңке қақпағы бар шыны шөлмек табылды.

Осы күні 18 сағат 00 минут кезінде нашақор ретінде есепте тұрған бұрын сотты болған 2-топтағы мүгедек хромтаулық 54 жастағы азамат құрықталды. Ер азамат «жедел сату» әдісі бойынша полицейлерге 4,47 грамм героинді сатқан. Арнайы рұқсатпен оның үйіне тінту жүргізілгенде, ол жерден шприцтер, «демидрол» таблеткалары, героин орауға арналған жылтырақ қағаз, марихуана пайдалануға арналған қолдан жасалған құрал табылды.

Осы екі факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, ҚР ҚК 259-бабы «Есірткі заттарын сату» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азаматтарға қатысты тосқауылдау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.