04:18, 04 Шілде 2012 | GMT +5
HRW: Сирияда адамдарды азаптайтын 27 орталық бар
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Сирияда бейбіт халықты азаптаудың кең таралып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, Сирияда азаматтарды азаптап, қинау "мемлекеттік саясатқа" айналған.
Ұйымның дерегіне қарағанда, Сирияда адамдарды азаптайтын 27 орталық бар. Олардың кейбірінде тіпті тұтқын балалар да азапталып, қинауға ұшырайтынын алға тартқан ұйым ол жағдайды Халықаралық қылмыстық сотта қарау керек деп санайды.