Хуан Антонио Самаранч өмірден озды

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитетінің бұрынғы президенті Хуан Антонио Самаранч Барселонада 89 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Хуан Антонио Самаранч өмірден озды

Сейсенбіде ол жүрек талмасымен Барселона ауруханасына жеткізіліп, тәулік бойы оңалту бөлімінде болды. Соңғы кездері Самаранч жүрек ауруымен бірнеше қайтара дәрігерлерге қаралған еді.

Хуан Антонио Самаранч ХОК-ты 1980 жылдан 2001 жылға дейін басқарды.

2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына Жак Рогге тайындалған - МОК сессиясынан қайтып оралғаннан кейін ол 11 күнін швейцариялық клиникада өткізген болатын.

Самаранчты жаңа дәуірдегі спорт тарихындағы аса беделді тұлғалардың бірі деп атайды.