Хуан Антонио Самаранчпен қоштасу рәсімі Каталонияда өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 22-cі. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитетінің құрметті президенті Хуан Антонио Самаранчпен қоштасу рәсімі бүгін өтеді.
Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Каталония Женералитетінде болады, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Олимпиада қозғалысының танымал қайраткері кеше өмірінің 90-шы жылы дүниеден озды. Сейсенбіде ол жүрек талмасымен Барселона ауруханасына жеткізіліп, тәулік бойы жан сақтау бөлімінде болды. Соңғы кездері Самаранч жүрек ауруымен бірнеше қайтара дәрігерлерге қаралған еді.
Хуан Антонио Самаранч ХОК-ты 1980 жылдан 2001 жылға дейін басқарды.
Самаранч жаңа дәуірдегі спорт тарихындағы аса беделді тұлғалардың бірі болатын.