Хуан Антонио Самаранчтың қазасына байланысты Еуроодақ көңіл айтты

БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Денсаулық сақтау жөніндегі Еурокомиссар Андрулла Василиу Халықаралық олимпиадалық комитеттің бұрынғы президенті Хуан Антонио Самаранчтың қазасына байланысты көңіл айтты. Олимпиадалық қозғалыстың қайраткері кеше, сәуірдің 21-інде Барселонада дүниеден озғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.

Хуан   Антонио  Самаранчтың    қазасына  байланысты Еуроодақ  көңіл  айтты

«Хуан Антонио Самаранч Олимпиадалық қозғалыстың ұлы қайраткерлерінің бірі және спорт әлемінің айтулы елшісі болды. Оның күш-жігерінің арқасында Олимпиада ойындары дамудың жаңа дәуіріне аяқ басқан еді. Олимпиада алауы Хуан Антонио Самаранчтың арқасында бүгінде ерекше жанып тұр», -делінген көңіл айту жеделхатында.