Хуситтер Израильге балистикалық зымырандар мен дрондар жіберді

АСТАНА. KAZNFORM – Йемендік «Ансаруллах» қозғалысының баскөтерушілері гипердыбысты баллистикалық зымыран мен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдана отырып, Израильдың үш қаласына шабуыл жасағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы.

Хуситтер Израильге зымыран жіберді
Фото: Анадолы

Қозғалыстың әскери өкілі Яхья Сари шабуылдың бүге-шігесіне дейін жазбаша жолдаған мәлімдемесінде айтқан.

Оның сөзінше, соққылар Израильдің Газадағы геноцидіне және Йеменге жасаған шабуылына берілген жауап болды.

Сари Яффы (Тель-Авив) ауданына жасалған соққының «Палестина-2» гипердыбысты баллистикалық зымыранның көмегімен сәтті жүзеге асырылғанын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, осы соққының салдарынан миллиондаған Израиль тұрғыны қауіпсіз жер іздеуге мәжбүр болды. Ал Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайын қоса алғанда Израильдің әуе кеңістігі уақытша жабылды.

Әскери өкіл Израильдің оңтүстігінде орналасқан Эйлат пен Беэр-Шева қалаларына үш ұшқышсыз ұшатын аппаратпен соққы жасалғанын жектізді.

Оның айтуынша, Эйлат Йемен қарулы күштерінің назарында қала береді. Ол аймақтағы жағдай Израильдің тек Палестинаға ғана емес, өзге елдер мен халықтарға да қауіп төндіретінін көрсетіп отырғанын айтып, осы қауіпке қарсы әрекет ету үшін барлығы жауапкершілік алуы тиіс екенін мәлімдеді.

Кешкісін Йеменнен ұшырылған дрондардың бірі Эйлаттағы қонақүйге соғылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Израиль армиясы тағы бір дронның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы атып түсірілгенін хабарлады. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшатын аппараттан соң Йеменнен Эйлаттағы қонақүйге жіберілген баллистикалық зымыран да қағып түсірілгені айтылды.

Израиль БАҚ-тарының ақпаратына сәйкес, зымыран шабуылы салдарынан Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайы уақытша ұшып-қонуға жабылды.

Осыған дейін Израиль Газа қаласына шабуылын жалғастырып, мерт болғандар 65 мыңнан асқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар