Хуситтер Сауд Арабиясының мұнай нысандарына соққы жасады
АСТАНА. KAZINFORM — Йемендегі «Ансар Алла» (хуситтер) қозғалысы Қызыл теңіз жағалауындағы Сауд Арабиясының стратегиялық маңызы бар екі мұнай нысанына зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы жасады, деп хабарлайды Al Jazeera.
Бұл мұндай сипаттағы алғашқы шабуыл емес. Үш күн бұрын хуситтер Қызыл теңізде Сауд Арабиясына тиесілі екі мұнай танкеріне зымырандар мен дрондардың көмегімен шабуыл жасаған болатын.
بيان القوات المسلحة اليمنية بشأن تنفيذ عمليتين عسكريتين نوعيتين استهدفتا أهدافا حساسة لمنشآت تتبع شركة أرامكو في جيزان وينبع، وذلك بعشرات الصواريخ الباليستية والمجنحة والطائرات المسيرة وحققتا أهدافهما بنجاح بفضل الله. pic.twitter.com/isAm4tZyf7
— العميد يحيى سريع (@Yahya_Saree) July 25, 2026
Бұған дейін Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йеменнің Ходейда провинциясындағы «Ансар Алла» қозғалысының әскери нысандарына соққы жасаған еді.
Операцияның мақсаты Қызыл теңіздегі коммерциялық кеме қатынасына қауіп төндіреді деп есептелген нысандарды жою болған.
Жұма күні бірқатар халықаралық ұйым Қызыл теңізде, Ормуз бұғазында және оған іргелес аудандардағы ахуалдың күрт нашарлап бара жатқаны жөнінде ескерту жасады.
11 шілдеден бері Иран АҚШ-тың түнгі әуе шабуылдарының 13 толқынына ұшырады. Бұл шабуыл Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) Ормуз бұғазы арқылы өткен танкерлерге жасаған шабуылдарынан кейін басталған.
Айта кетелік Хуситтер Сауд Арабиясына теңіз блокадасын жариялады.