Хьюстондағы қазақ қауымдастығы алғаш рет Наурыз мерекесін тойлады

АҚТАУ. KAZINFORM – Хьюстон қаласында алғаш рет қазақстандық әртістер аншлагпен концерт өткізді. Бір сахнада Еңлік, Садраддин, Рауана және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Абылай Тілепберген өнер көрсетті. Texas Qazaq Foundation ұйымының ұйымдастыруымен өткен бұл шара Наурыз мейрамының негізгі оқиғасына айналып, жергілікті қазақ қауымдастығының мәдени өмірінде жаңа кезеңнің басталуын көрсетті. 

Хьюстондағы қазақ қауымдастығы алғаш рет жеке Наурыз мерекесін тойлады
Фото: raysviewphotography.pixieset.com

Бұған дейін Наурыз мерекесі қалада басқа Орталық Азия диаспораларымен бірге атап өтілсе, биыл алғаш рет қазақстандық қауымдастықтың жеке іс-шарасы ретінде өткізілді.

raysviewphotography.pixieset.com
Фото: raysviewphotography.pixieset.com

Концертке мыңға жуық адам жиналды. Абылай Тілепбергеннің домбырада орындаған күйлерін көрермен ерекше ықыласпен тыңдады. Ол халықтың күйге деген сағынышын сезінгенін және көрермендердің қолдауын жоғары бағалағанын айтты. Кештің жалғасында заманауи қазақстандық музыка орындалды. Рауана ырғағын орнатып, Еңлік сахнаға шыққанда көрермендер билеп, эмоцияларын білдірді. Садраддиннің өнер көрсетуі кезінде залдағы барлық жастағы тыңдармандар әндерді бірге шырқады. Бұл шара сахна мен көрермен арасындағы шекараны жойып, отбасылық мерекені еске салды.

Биылғы Наурыз мерекесі америкалық Пасха мейрамымен қатар тойланды. Екі мерекенің де ортақ мағынасы – жаңару, бірлік және ұрпақтар сабақтастығы. Концертке келген студент Гүлжан өзімен бірге тұратын америкалық отбасын ертіп келді. Бьюкенон отбасы Пасха мен Наурыздың жаңару мен жаңа кезеңнің басталуы мағынасына ие екенін атап өтті.

raysviewphotography.pixieset.com
Фото: raysviewphotography.pixieset.com

Қонақтар арасында диаспора өкілдерімен қатар америкалықтар мен Стаффорд қаласының мэрия қызметкерлері де болды. Көпшілік қазақ музыкасының бірегейлігін және ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін атап өтті.

Концерт
Фото: raysviewphotography.pixieset.com

Ұйымдастырушылар іс-шараның әрбір бөлшегіне мән берген. Залда киіз үйлер қойылып, ұлттық киімдер, дәстүрлі тұрмыс элементтері мен тағамдар ұсынылды. Бұл  америкалық қонақтар үшін Қазақстан мәдениетімен алғашқы таныстық болды. АҚШ-та туған жас қазақстандықтар үшін бұл кеш заманауи қазақ сахнасымен алғашқы танысу алаңына айналды.

raysviewphotography.pixieset.com
Фото: raysviewphotography.pixieset.com
raysviewphotography.pixieset.com
Фото: raysviewphotography.pixieset.com

Texas Qazaq Foundation – коммерциялық емес ұйым, ол аймақта Қазақстанды насихаттап, диаспора арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған. Хьюстонда шамамен 10 мыңға жуық қазақстандық тұрады. Қордың негізгі жобаларының бірі – 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан қазақ мектебі, онда қазіргі уақытта 70-ке жуық бала оқиды. Олар қазақ тілін үйреніп, дәстүрлерді, домбыра тартуды және ұлттық билерді меңгереді.

Хьюстондағы қазақ қауымдастығы алғаш рет жеке Наурыз мерекесін тойлады
Фото: raysviewphotography.pixieset.com
Хьюстондағы қазақ қауымдастығы алғаш рет жеке Наурыз мерекесін тойлады
Фото: raysviewphotography.pixieset.com
Хьюстондағы қазақ қауымдастығы алғаш рет жеке Наурыз мерекесін тойлады
Фото: raysviewphotography.pixieset.com

Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерт үлкен еріктілер жұмысының нәтижесі болып табылады. Бұл шара қазақстандықтар үшін мәдени орталыққа айналып, халықаралық деңгейде Қазақстан мәдениетін таныту мүмкіндігін берді. Хьюстондағы кеш Отаннан алыста болса да, дәстүрдің күші адамдарды біріктіріп, түрлі мәдениеттердің жүрегінде орын алатынын көрсетті.

наурыз
Фото: raysviewphotography.pixieset.com
наурыз
Фото: raysviewphotography.pixieset.com

Еске сала кетейік, бұған дейін Бейжіңде Наурыз мейрамы тойланғанын жазған едік.