И.Әлиев Армениямен арадағы шекараны ашудың шарттарын атады

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армениямен арадағы шекараны ашудың шарттарын алғаш рет атады,

И.Әлиев   Армениямен  арадағы шекараны ашудың    шарттарын    атады

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

«Егер Армения ЕҚЫҰ-ның Минск тобының ұсыныстарына оң жауап берсе, және соның негізінде армян қарулы күштері басып алынған әзірбайжан аумақтарынан шығарыла бастаса, Әзірбайжан Армениямен арадағы барлық шекараны ашады, коммуникациялар да ашылады, және осылайша аймақта тыныштық пен қауіпсіздік орнату жөніндегі толыққанды шаралар қамтамасыз етілетін болады», - деп мәлім етті Әлиев Түркия премьері Реджеп Ердоғанмен болған келіссөздің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Әлиев сондай-ақ, арағайындардың ұсыныстарын Әзірбайжанның кішігірім шарттармен қабылдағанын (бұл жерде үйлестірудің базалық қағидаларының жаңартылған нұсқасы туралы сөз болып отыр) еске сала келіп, «армян тарабынан да біз осындай шешім күтеміз», деп атап көрсетті.