И.Ильин: Қазақстандықтар үлкен бiр отбасыдай тату-тәттi өмiр сүрсе, алмаған асуы қалмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бурабай курорттық аймағында өткен қайырымдылық веложарысының құрметтi қонағы екi дүркiн Олимпиада чемпионы Илья Ильин барша қазақстандықтарды Конституция күнiмен құттықтап, өзiнiң жаңа рекорды туралы айтып бердi.
None
None

"Қазақстандықтарды Конституция күнiмен құттықтап, ең iзгi тiлектерiмдi айтқым келедi. Ең бастысы, Қазақстан қиындықтардың бәрiн жеңсiн. Барлығымыз үлкен бiр отбасыдай тату-тәттi өмiр сүрсек және бiр ел болып алға бассақ, бiз алмаған асу қалмайды",-дейдi Олимпиада чемпионы.

Илья Ильин сондай-ақ жуырда жаттығу барысында орнатқан рекорды туралы айтып бердi.

"Соңғы рекордыма өзi де әлi таң қаламын. Шыны керек, жай жаттығулардың бiрi болатын. Жаттығу барысында 240 кг салмаққа дейiн оп-оңай көтердiм де ендi қояйын деп ойладым. Бiрақ, организм тоқтамай, тағы көтердiм. Осылайша, өзiмнiң жеке рекордым - 250 кг салмақты көтердiм. Бiр түсiнгенiм, бұл мен үшiн ғана маңызды рекорд емес екен, бүкiл Қазақстан үшiн маңызды екен. Себебi, рекорд туралы интернетке жазған соң ертеңiнде барша қазақстандықтар менi құттықтай бастады. Халқыма ризашылығым шексiз. Расында маған күш беретiн сiздерсiздер",-дедi ол.

Соңғы жаңалықтар