Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

И. Тасмағамбетов «Нұр Отанға» қоғамға пайдалы 15 нақты істі жүзеге асыруды ұсынды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Иманғали Тасмағамбетов «Нұр Отанның» 15 жылдығына орай қоғамға пайдалы 15 нақты істі жүзеге асыруды ұсынды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

И. Тасмағамбетов «Нұр Отанға» қоғамға пайдалы 15 нақты істі жүзеге асыруды ұсынды

«Иманғали Тасмағамбетов «Нұр Отанның» 15 жылдығына орай қоғамға пайдалы 15 нақты істі жүзеге асыруды ұсынды. Аталған ұсыныс бойынша партияның елордалық филиалына іс-шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды», - деп жазылған хабарламада. «ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстанның одан әрі даму векторы айқындалған. Болашаққа белгіленіп тапсырмалар партияның Сайлауалды тұғырнамасы мен партияның жаңа саяси Доктринасындағы басты басымдықтарға негізделген», - деді «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Иманғали Тасмағамбетов. Шараның соңында қаланың бастауыш партия ұйымдарында ҚР Президенті Жолдауын талқылау жөнінде жиналастар өткізу кестесі мен кеңейтілген отырыста айтылған міндеттердің орындалуын бақылауды бекіту жөнінде Саяси кеңестің қаулысы шығарылды.