Иерусалимде белгісіз біреу аялдамадағы адамдарға оқ жаудырды

Иерусалимге кірер тұста атыс салдарынан екі адам қаза тауып, жеті тұрғын жарақат алды. Белгісіз біреулер автобус аялдамасында тұрған адамдарға оқ жаудырған. Kazinform бұл туралы The Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Иерусалимдегі атыс
Фото: jpost.com

Адамдарға өтіп бара жатқан автокөліктен оқ атылған. Израиль полициясы күдікті екі адамның сол жерде көзі жойылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта арнайы қызмет оқиға орнын қоршауға алды, қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар