IFSB бас хатшысы Қазақстанда исламдық қаржыландыру мүмкіндігіне баға берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IFSB (Ислам қаржыландыру қызметі кеңесі) Бас хатшысы, доктор Белло Лавал Данбатта Қазақстанда исламдық қаржылық қызметтер нарығын дамыту болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Біз осы елде исламдық қаржыландыруды дамыту үшін үлкен әлеуетті байқап тұрмыз. Өйткені Қазақстанда ТМД елдеріне шығуға үлкен мүмкіндіктері бар. Сәйкесінше, бұл елдердегі мұсылмандар емін-еркін исламдық қаржыландыруға қол жеткізе алады», - деді Белло Лавал Данбатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сарапшының атап өтуінше, исламдық қаржыландыруды дамыту үшін Қазақстанда заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет.

«Үкімет инфрақұрылымдық тұрғыда, заңнамаға қажетті өзгерістер бойынша қажетті қолдау жасап келеді. Жалпы, исламдық қаржыландыру бойынша индустрия саласы тарапынан қызығушылықты байқап тұрмыз», - деді IFSB бас хатшысы.

Оның сөзіне қарағанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастағалы білікті мамандар осы салаға белсенді түрде тартылуда. Бұл ретте жастардың арасында қызығушылық танытып отырғандар көптеп кездесуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада Ислам қаржыландыру қызметі кеңесінің (Islamic Financial Services Board - IFSB) апталығы өтіп жатыр.

Сонымен қатар, IFSB (Ислам қаржыландыру қызметі кеңесі) бас хатшысы Қазақстанда исламдық сақтандыру нарығын дамыту қажеттігін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар