Игілікті істер тындырған маңғыстаулық мәдениет қызметкерлері марапатталды

АҚТАУ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Жыл бойы Маңғыстауды өнерімен қуантқан мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының бастығы Майра Ғұмарова мәдениет қызметкерлерін Жаңа жылмен құттықтап, 2009 жылы мәдениет саласында атқарылған істер мен облыстың мәдени өмірінің жай-жапсары туралы баяндады.

Негізгі екі бағдарламаны - 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік салалық «Мәдени мұра» және Маңғыстау облысы кітапханалары дамуының және жаңаруының 2007-2009 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламаларын басшылыққа алған мәдениет саласы өткен жылды табысты аяқтап отыр.

Атап айтқанда «Мәдени мұра» өңірлік-салалық бағдарламасы аясында «Тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнінде ғылыми -әдістемелік кеңес» тұрақты жұмыс жасап, «Қызылқала» ортағасырлық қалашығына археологиялық зерттеулер жалғасын тапқан.

Сондай-ақ «Маңғыстау ескерткіштері жинағының» макеті жасалып, 33 тарихи-мәдени ескерткішке жаңа үлгідегі қорғау тақталары орнатылды.

Бағдарлама арқылы қол жеткізген жемісті жұмыстар «Маңғыстау өнер тарландарының жанды дауыстары» жинағы 5000 дана диск боп жарық көрген. Сондай-ақ «Серікбол Қондыбайдың шығармаларын БҰҰ-ның ресми тілдеріне аудару», «Сисем Ата» қорымы обьектілеріне жаңғырту жұмыстары жасалып, «Шақпақ ата жер асты мешіті мен қорымының эпиграфикалық жазулары» кітабы дайындалған.

Ал кітапханаларға арналған екінші бағдарламаға сай облыс кітапханалары компьютерлендірілген.

Осылайша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайын баяндаған мәдениет басқармасының бастығы Майра Ғұмарова өлке мәдениетінің дамуына үлес қосқан қызметкерлерге алғыс хат тапсырды.

Соңғы жаңалықтар