Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары болды
Игорь Владимирович ЛЕПЕХА 1962 жылы 20 қарашада
Қарағанды облысында дүниеге келді. Қарағанды политехникалық институтын, РФ ІІМ академиясын бітірген. 1986-1987 жылдары – Қарағанды облысының Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің аға нұсқаушысы. 1987-1988 жылдары – Қарағанды облысы Гагарин ауданы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1988-1990 жылдары – Қарағанды облысы Абай қаласы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1990-1993 жылдары – РФ ІІМ академиясының тыңдаушысы. 1993-1997 жылдары – Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының торуыл полициясы басқармасының бастығы. 1998-2005 жылдары – Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция қызметінің бастығы, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы. 2005-2009 жылдары – Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары. 2009-2011 жылдары – ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары. 2011-2018 жылдары – ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Штаб-департаментінің бастығы.
2020 жылдың науырызынан бері ҚР Ішкі істер министрлігі аппаратының жетекшісі болды.