Игорь Лепеха тұрғын үй қаптамасының құлауы жөнінде: кінәлілер анықталады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасының құлауы оқиғасын тергеу бойынша пікір айтты. 

лепеха
Фото: Кazinform

— Барлығына заңнама тұрғысында баға беріледі, яғни құрылысты салғандар да, тұрғын үй кешенін пайдалану мәселесі де қамтылады. Бұл ретте қауіпсіздік талаптарына қатысты қызметтерді көрсетпеу, сондай-ақ құрылыс дерегі бойынша қарастырамыз. Іс қозғалды, кінәлілер анықталады. Қазір тергеу жүріп жатыр, — деді Игорь Лепеха Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астананың Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайында тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіштен жасалған сыртқы қаптама мен кондиционер қондырғысы құлап, бес адам зардап шеккенін жазған болатынбыз

Кейін ғимарат опырылғанда зардап шеккен фельдшер көз жұмды

Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 306-бабы (қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша тергеліп жатыр

Соңғы жаңалықтар