«Игроманка» — тәуелділіктің құрбаны болған әйелдің оқиғасы

АСТАНА. KAZINFORM — Кинотуынды 1 мамырдан бастап Қазақстан кинотеатрларында көрсетіледі.

Игроманка
Фото: "Игроманка" фильмінің авторларынан

Фильмде Жұлдыз есімді орта жастағы қазақ әйелінің құмар ойынға тәуелділігі оны өзіндік болмысынан айырады. Мансабын, отбасын, жеке басын тәуекелге тігіп, бәрінен айырылады. Бірақ ол жаңа өмір бастау үшін күш таба ала ма, әлде тәуелділіктің тұзағына қайта түсіп қалады ма?

Басты рөлді Гүзель Жан сомдаған. Ал оның режиссері Алдияр Байракимов («Паралимпиадашы»).

Фильм шынайы оқиға негізінде түсірілген және елімізде кең тараған ойынқұмарлық мәселесін көтереді.

Сонымен қатар, түсірілім жұмыстары Астана мен Бурабайда жүргізілді. Премьераны өткізіп алма!

Осыған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов кинодан түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар