20:22, 28 Мамыр 2013 | GMT +5
ІІД Ақпараттық-насихаттау тобы ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіруде
ҚОСТАНАЙ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ІІД Ақпараттық-насихаттау тобы Денисов АІІБ-не барды. Топ мүшелері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірді.

Олар, сондай-ақ, «полиция-қоғам» серіктестік үлгісіндегі іс-қимылдың жаңа формаларын іздеумен айналысты.
Құрамына Қостанай облысы ІІД бастығының орынбасары Бақытжан Ералин, полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Нұрлан Жаменков және ҚР ІІМ Қостанай Академиясы кафедрасының бастығы, философия ғылымдарының кандидаты Дәурен Тойматаев кірген ақпараттық топ жергілікті тұрғындармен кездесу кезінде облыс полициясының қызметі туралы және қазақстандық патриотизмнің жаңа үлгісі туралы айтып берді.
Ақпараттық топ жұмысының шеңберінде азаматтарды қабылдау өткізілді. Ақпараттық-насихаттау тобы жұмысын жалғастырады және жақын арада Қостанай облысының барлық ішкі істер бөлімдеріне барып қайтады.