ИИДМБ нысандары 5,4 трлн. теңгенің өнімін шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустриализация барысы еліміз экономикасының технологиялық модернизациясына лайықты бастау жасауға мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірден кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

ИИДМБ нысандары 5,4 трлн. теңгенің өнімін шығарды

«Жалпы, индустриализация барысы еліміз экономикасының технологиялық модернизациясына лайықты бастау жасауға мүмкіндік берді. Егер де жалпы қорытындысы жасайтын болсақ, алты жылда 890 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар іске қосылды, тұрақты 85 мың жұмыс орындары құрылды»,-деп тоқталды Елбасы.

Осы орайда Президент 890 кәсіпорынның құрылысына 3,8 трлн. теңге салынғанын, ал олар өз кезегінде 5,4 трлн. теңгенің өнімін шығарғанын атап өтті. Мемлекетке 3 трлн. теңгеге жуық салық төлеген.

«Бұл кәсіпорындар жылына 1 трлн. теңге көлемінде өнім экспорттап отыр. Бұл маңызды және осы жетістіктермен баршалараңызды құттықтаймын. Біз осы жұмыстарды жалғастырамыз», - деп түйді Н. Назарбаев.