III Алматы марафонының алғашқы рекорды тіркелді
Жеңімпаздың айтуынша, оның жеңіл атлетикамен айналысып жүргеніне 7 жылдан асқан.
«Бұл менің марафондық қашықтыққа екінші рет қатысуым. Осы марафонға Қырғызстанда үш аптадан аса уақыт дайыдалдым. Күніне 30-35 шақырым жүгіріп жүрдім. Жаттығуларды таңертең және кешкі уақытта жасадым. Жалпы нағыз марафон 32-35 шақырымнан кейін басталады ғой. Міне шыдамдылық, төзімділік, күш-қуат сол кезде керек.
- Бүгінгі көрсеткішің осы марафонның рекорды ма?
- Иә. Өткен жылғы көрсеткішім жаңылыспасам 2 сағат 32 минуттай болған. Бірақ өткен жылы марафонның қашықтығы дәл белгіленбеген болатын. Ал биыл осы Алматы марафоны Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына ресми түрде енді. Сондықтан қашықтық өте дәл өлшенді. Бүгінгі нәтиже - менің алғашқы ресми көрсеткішім!» - деді өз сөзінде Алмат Имашев.
Сонымен қатар, ол таулы аймақ болған соң Алматыда жүгіру қиын екендігін жеткізді. Оның ендігі мақсаты -Халықаралық марафондық нормативке қол жеткізу. Ол: 2:15:00 - 2:18:00 сс.
Ал әйелдер арасында супер марафоннан бірініші орынды Гүлжанат Жанатбек жеңіп алды. Оның көрсеткіші: 2:49:52 с.
Басқа жарыстардың нәтижелері әлі нақтыланып жатыр.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, естелік медальдармен және қажетті тұрмыстық , кеңселік техникалармен: ноутбуктар, фотоаппараттар, ұялы телефондар және баса да құрылғылармен марапатталады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде ерлер арасында әлемдік рекорд кениялық желаяқ Уилсон Кипснагке тиесілі. Оның көрсеткіші 2 сағат 3 минут 23 секунд. Ал әйелдер арасындағы рекордтң авторы Ұлыбританиялық желаяқ Пола Рэдклиф. Оның көрсеткіші: 2 сағат 15 минут 25 секунд.