13:55, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
ІІІ Астаналық экономикалық форумды 2010 жылдың шілде айында өткізу жоспарланып отыр
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -Келесі ІІІ Астаналық экономикалық форумды 2010 жылдың шілде айында өткізу жоспарланып отыр.
Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылғы алқалы кеңес «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» тақырыбына арналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, елордаға әлемдік дағдарыстан шығудың амалдарын іздеуге, сондай-ақ оны кеңінен талқылау үшін 40-тан астам елден келген ғалымдар бас қосты. Форумға кеше Елбасының қабылдауында болған Нобель сыйлығының иегерлері Роберт Манделл мен Эдмунд Фелпс, Ислам Даму Банкінің президенті Ахмед Мохаммед Әли әл-Мадани, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы президенті Жан Лемьер қатысуда.