ІІМ Оқу орталығының түлектері Қостанайда ант қабылдады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығы түлектерінің ант қабылдау рәсімі болып өтті.
None
None

Ішкі істер органдарында адал қызмет атқару антын 34 жас полицей қабылдады. Сержанттар әмбебап полицейлер, жүргізушілер, кезекші бөлім көмекшілері мен қарауылшылар қатарын толықтырады. Енді жас қызметкерлер Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары ішкі істер бөлімдерінің ұжымдарына қосылады.

Салтанатты рәсімге ІІД басшылығының өкілдері, ардагерлер қатысты.

ҚР ІІМ Қостанайдағы оқу орталығының түлектерін құттықтаған Қостанай облыстық ІІД бастығының орынбасары Бақытжан Ералин ішкі істер органдарының қызметкері адамдардың сенімін ақтап, оларды сенімді қорғауы тиіс екенін атап өтті.

Ұлы Отан соғысы мен ІІМ-нің ардагері Даниил Надырбаев тыңдаушыларға еңбекте табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар