Іле Алатауы саябағында орманшы абайсызда әріптесін атып өлтірді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының Талғардағы филиалының орманшысы аңшылық кезінде абайсызда өз әріптесін, 22 жастағы Арман Сейітқазиновты атып өлтірді.
None
None

Облыстың құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қайғылы оқиға өткен дүйсенбі күні Рахат шатқалы аумағында орын алған.

Қайтыс болған ер адамның денесін қарау кезінде сарапшылар мойыны, қолы, аяғы және белінің жарақаттарын анықтаған.

Аталған фактімен «Абайсызда адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар