Ілеспе заң жобасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруді көздейді

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының 29-2-тармағына сәйкес әзірленген.
Заң жобасында еліміздің бірқатар заңдарын Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясына сәйкес келтіру мақсаты көзделіп отыр. Сондай-ақ қылмыстық процесті одан әрі жетілдіруге бағытталған түзетулер ұсынылған.
Заң жобасын қабылдау қосымша қаржылай шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Заң жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы, ғылыми, экономикалық және лингвистикалық сараптамалар жүргізілген.