Ильинский отандық альпинизмге айрықша көңіл бөлгені үшін Тоқаевқа алғыс айтты
АСТАНА. KAZINFORM — Ерванд Ильинский атқарған қызметіне жоғары баға беріп, отандық альпинизмге айрықша көңіл бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Оның сөзінше, біздің табысымызды шетелдік альпинистер де мойындайды.

— Мұны Қазақстан альпинистер қауымы жеткен жетістіктердің мемлекет деңгейінде танылуы деп түсінемін. Шын мәнінде, біздің табысымызды шетелдік альпинистер де мойындайды. Осыған куә болғаныма қуаныштымын, — деді ұлттық құраманың тәлімгері.

Бұдан бұрын Президент Тоқаев Үкіметтің алдында альпинизмді спорттың бір түрі ретінде жан-жақты дәріптеу міндеті тұрғанын айтты.