Илон Маск Twitter-дің жаңа бас директорын таныстырды

«Twitter-дің жаңа бас директоры ретінде Линда Яккариноны көруге қуаныштымын!», - деп жазды ол.
Айтуынша, компанияның жаңа басшысы бизнес-операциялармен айналысатын болады. Ал өзі өнімнің дизайны мен жаңа технологияларға ден қояды.
Линда Яккарино 60 жаста.
Айта кетейік, әлемнің ең бай адамдарының бірі И.Маск Twitter-ді өткен жылдың қазан айында 44 млрд долларға сатып алған болатын. Ол бірден компанияның директорлар кеңесін таратты.
Сондай-ақ Американың бұрынғы президенті Дональд Трамптың осы әлеуметтік желідегі аккаунтын блоктан шығару-шығармау жөнінде сауалнама өткізіп, қорытындысы бойынша шешім шығарды.
Бұдан бөлек, ол оқырмандарына «Twitter-дің басшылығынан кетуім керек пе?» деген сауал жолдап, өз парақшасында сауалнама өткізді.
Сауалнамаға қатысқандардың дені (57,5%) И.Масктің Twitter саясатын басқарудан бас тартқаны жөн деп тапқан. Осыған орай ол: «Осы жұмысқа келісетін ақымақ адамды тапқан бойда басшылықтан кетемін. Содан кейін тек бағдарламалық жасақтама мен серверлер командаларына жауапты боламын», - деп жауап жазған еді.
Бір жолы Илон Маск Twitter әлеуметтік желісінің бас директоры етіп, өз итін «тағайындаған» болатын.