Иманбек Зейкенов әлемге әйгілі музыканттармен бірлесіп ән жазды

«Bang» мини альбомы. Rita Ora-мен бірлескен ән жақында шығады. Дайынсыздар ма?», - деп жазды Imanbek Instgam -дағы парақшасында.
Әлемге кеңінен танымал әнші Rita Ora, диджей David Guetta және америкалық рэпер Gunna, трэп әнші Khea секілді әртістермен бірлесіп жазылған трек 12 ақпанда жарияланады.
Диджейдің жаңа туындысына қатысты желі қолданушылары «Жарайсың», «Үлкен жетістік», «Тек қана алға», «Керемет», «Мен сені мақтан тұтамын», «Асыға күтеміз», «Құттықтаймын» деген жылы лебізін білдіріп жатыр.
Еске сала кетсек, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығына ұсынылды.
Айта кетсек, әлемдік музыка саласында беделді болып саналатын Grammy сыйлығын табыстау рәсімі биыл 13 наурызда өтеді.