Иманбек трассада қалып қойған жолаушыларға көмектесті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық диджей әрі продюсер Imanbek трассада бұзылып қалған таксидің жолаушыларына көмек көрсетті.

Иманбек Jibek joly арнасының «Таза қала» жобасына қатысты
Фото: instagram.com/imanbekmusic

Оқиғаға қатысты видеоны әлеуметтік желіде жолаушылардың бірі жариялаған. Оның айтуынша, олар таксимен Ақсу қаласына бет алған, алайда жолда көлік істен шығып, жолаушылар трасса бойында қалып қойған. Сол себепті олар өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатуға мәжбүр болған.

- Бізге көмектесу үшін Иманбектің өзі тоқтады. Мұны Жаңа жылдың алғашқы күніндегі жақсы белгі деп қабылдадым, - дейді видео авторы.

Айта кетейік, бұған дейін Иманбек Республика күніне орай «Құрмет» орденімен марапатталған.

Еске сала кетейік, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің Saint Jhn орындаған Roses композициясына жасаған ремиксі 2021 жылдың наурыз айында әлемдік музыкалық марапатқа ие болған. Сол жылы мамыр айында ол Billboard Awards сыйлығын да алған.

Ал 2025 жылдың қыркүйегінде Иманбектің бұл марапатқа қайта ұсынылғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар