Индонезия полициясы лаңкестікке күдікті 13 адамды тұтқындады
Олар мұнда әскери даярлық жұмыстарын жүргізген, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
«Оларды даярлық жүргізіп жатқан жерінен ұстадық, лаңкестердің нұсқаушысы да қолға түсті», - деп мәлімдеді Джакартада ұлттық полицияның жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы Эдвард Аритонанг. Оның айтуынша, барлық тұқындалғандар елдің әртүрлі провинциясынан - Ачех, Солтүстік Суматра, Риау аралдары, орталық Ява және Джакартада туған. Ұсталғандардан үш винтовка, оқ-дәрілер және құжаттар тәркіленді. Ал нұсқаушының өзі шетелде әскери даярлықтан өткен.
Бұдан бір апта бұрын Ачехте ірі лаңкестікке қарсы операция кезінде индонезиялық қауіпсіздік пен полиция күштері Сари елді мекені маңында экстремистердің жаттығу лагерін қоршап, онға тарта қарулы содырларды ұстаған болатын, алайда 50-ге тарта содыр джунглиге кіріп қолға түспей кеткен. Олар Оңтүстік-Шығыс Азияда әрекет ететін «Әл-Каида» ұйымымен байланыста болуы мүмкін деген болжам жасалуда.