18:16, 03 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Индонезияда 15 жолаушысы бар ұшақ жоғалып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қос моторлы M-28 Skytruck ұшағын Индонезия полициясы іздестіруде. Оның бортында 15 адам болған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Индонезияның Әскери-теңіз флоты құтқару операциясын жүргізу үшін үш кеме және екі патрульдік қайық шығарды.
Сингапурдың азаматтық авиация басқармасы, ұшақпен байланыс Батам аралына жақын тұста теңіз үстінде үзіліп кеткенін мәлім етті.
The Straits Times басылымының жазғанына сенсек, M-28 Skytruck сынықтарын Пулау Лингга аралының маңынан балықшылар жергілікті уақытпен 11:30-да тауып алған.