Индонезияда 5,4 балдық жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулері бүгін түнде Жаңа Гвинея аралында тіркелді. Бұл туралы Австралияның Ұлттық сейсмологиялық қызметі хабарлаған.
Жерасты дүмпулерінің кіндігі Индонезия аумағындағы аралдың батысында, Ириан Джайя провинциясындағы Джайяпута қаласының оңтүстік-шығысына қарай 202 шақырым қашықтықта және 35 шақырым тереңдікте орын алған. Дүмпуді 251 шақырым радиуста тұратын тұрғындардың бәрі сезген.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Жаңа Гвинея - Гренландиядан кейінгі әлемдегі көлемі жағынан екінші арал болып табылады. Ол Үнді және Тынық мұхиттарының түйіскен тұсында орналасқан және әкімшілік тұрғыдан Индонезия және тәуелсіз Папу-Жаңа Гвинея мемлекетіне бөлінген.