Индонезияда дауылдың салдарынан паром суға батып кетті, жеті адам мерт болды
АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат - Индонезияда дауылдың салдарынан паром суға батып кетті, жеті адам мерт болды, 27 адам хабар-ошарсыз жоғалған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, паром бортында экипаж мүшелері мен жолаушыларды қоса алғанда 35 адам болған. Оқиға Индонезияның астанасы Джакартадан шығысқа қарай 3 мың шақырым қашықтықтағы Ару аралының маңында болған. Бір адамды балықшылар құтқарып қалған.