Индонезияда Конституциялық соттың басшысы тұтқындалды

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Индонезияда пара алды деген күдікпен елдің Конституциялық сотының басшысы Акил Мохтар тұтқынға алынды.
None
None

Судьяға көпшілік арасында дауға айналған жалпы сайлауға қатысты шешім шығаруда 250 мың доллар пара алды деген күдік келтіріліп отыр.

Жемқорлықты жою жөніндегі комиссияның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Мохтар өз үйінде ұсталған. Сондай-ақ, Джакартаның қонақ үйлерінің бірінен тағы екі күдікті ұсталды.

Бұл туралы ВВС Ресей қызметі хабарлады.

Соңғы жаңалықтар