20:12, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Индонезиядағы сайлауда қазіргі президент жеңіске жетті
МӘСКЕУ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Индонезиядағы президенттік сайлауда қазіргі мемлекет басшысы Сусило Бамбанг Юдхойоно жеңіске жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін жарияланған сайлау учаскелерінің алдын ала мәліметтеріне қарағанда, ол өзінің екі бәсекелесінен едәуір алға шығып, 60 пайыздан астам дауыс жинаған.
Сайлаудың ресми нәтижелері шілденің 25-інде жарияланады, дегенмен қазірдің өзінде сайлаудың екінші туры болмайтыны белгілі болды.