Индонезиялық азамат аузында жарылған сигарет үшін өтемақы алады

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Nojorono Tobacco Indonesia (NTI) индонезияялық темекі компаниясы аузында жарылған сигареттен зардап шеккен ер адамның емделу шығындарын мойнына алды,

Индонезиялық азамат аузында жарылған сигарет үшін өтемақы алады

деп хабарлайды ҚазАқпарат АFР сайтына сілтеме жасап.

Сигареттің жарылуы салдарынан жасы 31-дегі Анди Сусанто алты тісінен айырылды. Сонымен қатар, оның беті 50 жерден тігілді. Жартылай шегілген шылым ол мотоциклмен жұмысқа кетіп бара жатқанын кезінде аузында жарылған.

Анди Сусантоның қарындасы жергілікті журналистерге айтқанындай, темекі компаниясының өкілдері оның ағасына бес миллион индонезиялық рупий (520 АҚШ доллары) төлеген және одан әрі материалдық көмек көрсетуге даяр екендіктерін білдірген. Анди Сусантоның өзі осы оқиғадан кейін темекі тартуды тастайтынын айтқан.