Индустрия және сауда министрлігінің басқарма бастығы пара алу үстінде ұсталды - Қаржы полициясы

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Индустрия және сауда министрлігінің басқарма бастығы пара алу үстінде ұсталып, қамауға алынды.

Индустрия және сауда министрлігінің басқарма бастығы пара алу үстінде ұсталды - Қаржы полициясы


Бұл туралы бүгін брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 Ол шыны ыдыстарын импорттауға лицензия бергені үшін кәсіпорындардың бірінің директорынан 1300 АҚШ доллары мөлшерінде пара алған.

 «Ағымдағы жылдың 6 айында парақорлық фактілері бойынша қаржы полициясы органдары 224 қылмыстық іс қозғады, бұл өткен жылдың осы кезең көрсеткішінен 23%-ға артық. Мемлекеттік лауазымды заңсыз табыс көзіне айналдырған парақор шенеуніктер мәртебесіне қарамастан қылмыстық жауаптылыққа тартылуда», дейді ол.