Индустрия және сауда вице-министрі ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесті
Кездесу барысында Индустрия және сауда вице-министрі елді индустрияландыру картасының маңызы, индустриялық-инновациялық жеделдете даму бағдарламасы туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол бүгінде министрлік аймақтық дамуға, жобаларды жүйелеуге, бизнестегі проблемаларды есепке алуға баса көңіл бөліп отырғанын айтты. Бұл жобаларды мемлекеттік қаржылық қолдауға да қатысты болмақ.
«Кәсіпорын 100 пайыздық кепілмен бірге жобаға кемінде 20 процент өз қаражатын салуы немесе инвесторларды тартуы тиіс», - деді ол қатысып отырған кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың жаңа шарттарымен таныстыра келіп.
Бұдан басқа, Е.Есқалиевтің айтуынша, елдің әрбір аймағында аймақтық деңгейдегі проблемалы жобаны алып тастайтын үйлестіру кеңестерін құру жоспарлануда.
Басқосуда кәсіпкерлер индустрияландыру картасына кіргізілуі көзделіп отырған жаңа жобаларды ілгері жылжытуда және жүзеге асыруда өз проблемаларын ортаға салды, ал Е.Есқалиев олардың сұрақтарына жауап қайтарды.
Индустрия және сауда вице-министрінің облыс бойынша сапары барысында бірқатар жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарында болып, «Батыс» ӘКК басшылығымен кездесуі жоспарлануда.