Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау бастаған делегация Солтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен барды
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау бастаған делегация Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бүгін Петропавлда үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтеді.
Мәжілісте Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру, атап айтқанда, инвестициялар тарту және экспортты дамыту мәселелері талқыланбақ. Оған қоса, қазір әзірленіп жатқан «Өнімділік-2020» бағдарламасын талқылау және индустрияландырудың өңірлік орталықтары ретінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды анықтау мүмкіндіктерін қарау мәселелері де көтеріледі, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпарат басқармасынан.