Индустрияландыру картасы аясында жыл сайын 100 млрд теңгенің өнімдері өндірілді

Депутатың сөзіне қарағанда, «Индустрияландыру картасы» аясында алғашқы бесжылдықта жалпы құны 3 трлн теңге болатын 770 жоба қамтылып, 75 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде 2014 жылы 600 млрд теңгеге 150 жоба іске асып, 12 мың жұмыс орны ашылған.
«Аталған жобалардың арқасында 4,2 трлн теңгеге өнім шығарылған. Осылайша, алғашқы бесжылдықта «Индустрияландыру картасы» аясында жыл сайын шамамен орташа алғанда, 100 млрд теңгенің өнімдері өндірілді», - дейді Мейрам Пішембаев.
Бұдан бөлек, индустрияландыру бағытында 2014 жылы жүзеге асырылған жобалар өңдеу өнеркəсібінің жалпы көлемінің 12,9 пайызын қамтыған. Сонымен қатар алғашқы бесжылдықта Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша өңдеу саласына 16,6 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылды.