18:56, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Индустрияландыру күні Павлодар облысында жаңа өндірістер ашылады
ПАВЛОДАР. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын өткізген кеңесте Индустрияландыру күні жалпыұлттық телекөпірдің тікелей эфирінде ҚР Президентіне таныстырылатын Индустрияландыру картасы жобаларының алдын ала тізімі талқыланды.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақсу электр стансасында («Еуразиялық энергетикалық корпорация») № 6 энергоблокты жаңғырту аяқталып келеді және іске қосу жоспарлануда.
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында «УПНК ПВ» фирмасы мұнай коксын қыздыру қондырғысын салуда. Ол қазақстандық алюминий өндірісінде қолданылатын отандық электрод үшін шикізат шығаруға қажет.
«KSP Steel», ЖШС бірінші жартжылдықта ферросиликоалюминий өндірісін бастайды.
«Нефтехим LTD» ЖШС-да қап шығару өндірісін құру аяқталып келеді. Кәсіпорын тамақ және химия өнімдері үшін өзі шығарған полипропиленді пайдаланатын бөлады.