Индустриялық-инновациялық тұрғыдан шапшаң даму басталысымен біз үшін ғылымды дамыту мәселесі өзекті бола түседі - Елбасы

sp;Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізді индустриялық- инновациялық тұрғыдан шапшаң дамыту басталысымен ғылымды дамыту мәселесі біз үшін өзекті бола түседі.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан ғылымын дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің мақсатымыз - ғылымның дамуына серпін беру, оның дамуы үшін дұрыс бағыт көрсету, Қазақстан бизнесін ғылыммен тығыз ынтымақтастыққа итермелеу. Оның ішінде жеке бизнес, мемлекеттік компаниялар заңға сәйкес өздерінің табыстарының белгілі бір бөлігін ғылыми әзірленімдерге бөлуге тиіс. Осының бәрі заңнамалық тәртіппен шешілуі керек», деді Мемлекет басшысы.

Елбасы ғылымды дамыту мәселелері бойынша Үкімет бірнеше мәрте бас қосқанын атап көрсетті. «Менің тапсырмам бойынша бүгінде елімізде 5 ірі ұлттық зертхана ашылды. Әрбір облыс орталықтарындағы университеттер жанынан 15 инженерлік бейіндегі зертханалар ашылды. Олар жұмыс істеп жатыр», деді Мемлекет басшысы.

Елбасы осы жылдар ішінде Қазақстан ғылымын дамытудың ауқымды жұмыстары атқарылғанын, 5 жылда бұл салаға бөлінген қаржы 3,5 есе көбейгенін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар