Ингушетияда мектеп жанынан табылған бомба жарылды

АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат - Ингушетияда бүгін, ақпанның 15-інде жергілікті мектептердің бірінің маңынан табылған бомба жарылды,

Ингушетияда мектеп жанынан табылған бомба жарылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Күдікті зат Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:30-да табылды. Оқушылар тез арада көшірілді. «Саперлер жарылғыш құрылғы орнатылған жерді зерттеу сәтінде жарылыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, алдын ала ақпарат бойынша ешкім зардап шеккен жоқ», - деді милиция өкілі.