Ингушетиядағы жарылыс кезінде зардап шеккендердің саны өсті

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Нақтыланған деректер бойынша Назрандағы үйлердің бірінде болған жарылыс салдарынан екі адам мерт болды, 28 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Бұл жөнінде Ингушетия бойынша РФ Прокуратурасы жанындағы Тергеу комитетінің өкілі мәлім етті,

Ингушетиядағы жарылыс кезінде зардап шеккендердің саны өсті

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Жарылыс кезінде жарақат алғандардың ішінде - Назрань ішкі істер бөлімінің бастығы Казбек Латыров пен қалалық тергеу бөлімінің бастығы Микаил Нальгиев бар.